2023-2024 оқу жылында ашылған Ата-аналарды қолдау орталығы » Көлбай орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылында ашылған Ата-аналарды қолдау орталығы
19
октябрь
2023

2023-2024 оқу жылында ашылған Ата-аналарды қолдау орталығы

2023-2024 оқу жылында балаларды оқыту және тәрбиелеуде ата-аналарға педагогикалық көмек көрсету, мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту мақсатында
Көлбай орта мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен өткен кеңестің 2023 жылдың 4 қыркүйектегі №28 хаттамасында бекітілген шешімге сәйкес, АББ 2023 жылдың 12 қазанындағы №756-Ө бұйрығы негізінде, балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында бұйрығын басшылыққа ала отырып, 2023 жылғы 18 қазан √227 бұйрығы негізінде бұйрығы негізінде мектеп директоры М.Н.Касымжанова басшылығымен мектебімізде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ұйымдастырылып, "Ата-аналарды қолдау орталығы" кабинеті ашылды. 16 қазан күні "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" отырысы өтті. Мектеп директоры М.Н.Касымжанова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Т.Касымов ережелерімен таныстырып, бағдарлама аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологы А.А.Нұрмухамбетова ата-аналармен тренинг өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Т.Касымов әр түрлі мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға тоқталып өтті. Ата-аналардың келісімімен "Парасатты мектеп " клубы құрылып, алдағы күндері нәтижелі жұмыс жасау жоспарланды.


https://www.instagram.com/reel/CylC234L5gh/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng%3D%3D
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Көлбай ауылы,Құрманов көшесі, 38 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Кольбай, улица Курманова д.38
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Көлбай орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru