Мектеп тарихы » Көлбай орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2022

Мектеп тарихы

Көлбай орта мектебінің тарихы

Көлбай орта мектебінің ең алғашқы қабырғасы 1931-32 жылдары Энгельс колхозы кезінде қаланған екен. Көнекөз ақсақалдардың айтуынша төбесін қамыспен жапқан, едені топырақ-лай, екі жерден жағылатын пеші бар, 3 бөлмелі үй болыпты. Осы мектептің алғашқы директоры С.Әлиайдаров деген азамат Семей қаласынан келіп қызмет істеген екен. Одан кейін өзі математика пәнінен сабақ берген, ұлты татар Абдуллин Ғарифолла, Омарбаев Абдыхамит, Барлыбаев Мұқаметқали, Сегізбаев Т, Ұлы Отан соғысынан жаралы болып қайтқан ардагер ұстаз Карипов Қали ақсақалдар іргесін қаласып, мектепке басшылық жасапты. Одан кейінгі жылдары өздерінің өлшем жетпес еңбектерімен өскелең ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында есте қалған еңбек ардагерлері: Мұқаметжанов Қабден, Қамзабаев Батан, Ахметжанов Рахметқали, Есболатов Тасубай, Изюменко  Андрей,Әлсейітов Жақсыкелді, Башабаев Мағдан, Құсайынханов Бақыттыбала, Мұхаметжанова Мағауия, Шынғожин Жүсіп, Омарбаев Сайын, Мәдібаев Мұса, Арзабаева Баршагул сияқты азаматтар мен азаматшалар білім ордасына басшылық етті. Ақсақалдардың айтуы бойынша 1973 жылы пайдалануға берілген 3 қабатты мектеп, екі қабатты интернат үйінің құрылысы 2,5 жыл ішінде біткен екен. Осы тұста совхоз директоры Беспаев Серғазы ақсақалдың ерен еңбегін ауыз толтырып айтуға болады. Осы кезеңде мектеп директоры болған Әлсейітов Жақсыкелді ақсақалдың еңбегі ел есінде қалды. 1967-1975 жылдары аралығында мектеп оқушылардың саны 1100-ге дейін жетті. 1970-80 жылдары «Комсомол» орта мектебінің ұстаздар ұжымы көркем өнерпаздар байқауында аудандық, обылыстық жүлдені ешкімге бермеген ұжым болды. Солардың қатарында Республика көлеміне танымал ұлттық-этнографиялық оркестр жетекшісі Темірғалиев Жамағат, Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде еңбек етіп жүрген Қоспанов Мұрат, Шыныбаев Серікбол сияқты азаматтар болды. Жас ұрпаққа білім берумен қатар өз өнерлерімен мектеп намысын қорғаған аудандық облыстық байқауларда үлкен қошеметке ие болған Омарқұлов Қосманғазы, Ерғазин Нұғыман, Рыскелдинов Фермахан, Қабылбеков Бүркітбек, Нұрсарсенова Қанипа, Арапов Мейірман, Сәрсенова Мақпал, Тілеубаев Рамазан, Рақымбердинова Гүлбанулар салған сара жолды жалғастырған Шатырбаев Бағдат, Жүнісов Мәжікен, Әлімбаева Клара, Ибраева Галя, Қасымова Тохтархан, Дүзімбеков Алданғор, Абдрасилова Баршагүл Бейсембекқызы, Бибисара Беспаева Құрмашқызы, Кемелханова Нұршакен Жақыпбекқызы, Сәулебаева Әлия Жұмагелдіқызы, Хиссамединова Раиса Құсаинқызы күні бүгінге дейін ауыл тұрғындары мақтан етеді. Көлбай орта мектебін білім мен тәрбие беретін алтын ұяға балайтын үлкен-кішілерді санамай отырсақ, осы мектептің түлектері ішінен талай-талай ғылым, өнер, білім қайраткерлері шығып ауылымыздың мақтанышын арқалап, еліміздің түкпір-түкпірінде жемістіде жауапты қызмет атқаруда. Солар туралы айтар болсақ, мектептің 1968 жылғы түлегі – философия ғылымдарының докторы, Алакөл ауданының құрметті азаматы Мәдібаева Қанипаш, 1967 жылғы түлегі – Республикаға танымал журналист, С.Сейфулин атындағы жүлденің иегері, "Шарайна" ақпараттық бағдарламасының бас редакторы Өмірсерік Жұман, 1976 жылғы түлегі – Альсеитов Ғалым Жақсыгелдіұлы доцент, физика ғылымдарының кандидаты, 1980 жылғы түлегі – заң ғылымдарының докторы Кемелханов Аймұхамбет, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Маңғыстау облыстық филиалының директоры Барлыбаев Марат, Қазақстан Республикасының әскери сотының коллегия мүшесі полковник Қалиев Талғат, Өскемендегі ірі зауыт директоры – Сұлтанов Рашат, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің қызметкерлері полковник Молдағожин Тәсібек, Тұмабеков Әшімхан, полковник Сұлтанов Фархазат, тіл маманы, филология ғылымының кандидаты, Халық ағарту ісінің үздік қызметкері Омарова Шайза, Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі, ақын Жанкелді Немеребай сияқты елге танымал еңбек ардагерлерін біздің мектеп мақтан тұтады. «Алтын белгі» иегерлері 2008-2009 жылғы оқу жылында Смагулов Сырым Қайратұлы, 2009-2010 оқу жылында Муканова Мөлдір Аликқызы және Мәдібаева Еркежан Мұсақызы, 2010-2011 оқу жылында Асылхан Алтай Абайұлы, 2013-2014 оқу жылында Турарбекова Гулдана Қайратқызы, Еркінбекқызы Арайлым, 2017-2018 оқу жылында Еркінбекқызы Іңкәр, 2018-2019 оқу жылында Асылқан Сая Қажымұқанқызы, Жаңатлеу Камиля Муратқызы, 2019-2020 оқу жылында Аликова Дана Бекжанқызы, Қайсаева Айым Шыңғысқызы, Оразмолда Ақгул Жәнібекқызы. 2010-2011 оқу жылынды Бейсембаева Қаламқас Қалдыбайқызы Үздік аттестат иегері атанды.Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын насихаттауда мектеп ұжымы спорт саласына көп көңіл бөледі. Волейбол, баскетбол, теннис сияқты спорттық ойындарда мұғалімдер мен оқушылар аудан көлемінде ешкімге дес берер емес жағдайда. Әлемдегі нөмер бірінші спорт болып саналатын футбол саласы бойынша мектеп спортшылары елімізге танымал. Спортты дамытуға үлес қосқан, бүгінде жас ұрпақты тәрбиелеуде ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген  Шатырбаев Бағдат, Сейтханов Құсбек, Тобагулов Дәулет, Сәлімбаев Меделхан, Тұмабеков Әлімхан, Мұқанов Алик, Мұханбетов Үсен, Омаров Нұрлан, Мамырбеков Саят сияқты спортшылар өскелен ұрпаққа нәтижелі тәрбие берген және беруде. Қазіргі кезде ауданымыздағы білім ордалары арасында еліміздің ертеңі, адамзаттың көркемі жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру жолында алдыңғы қатарда көрініп жүрген Көлбай орта мектебін ұлағатты ұстаз Альсеитова Айман Жақсыгелдіқызы басқаруда.

Мектептің негізгі 1973 жылы Комсомол орыс-қазақ орта мектебі болып қаланған. 1993 жылы Көлбай қазақ орта мектебі, 2009 жылы «Көлбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекеме болып аталды. 2018 жылдан бастап мектеп «Көлбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Мектептің жалпы ауданы 4153,2 метр. Мектептің заңды тұлғалық тіркеу туралы құжаты бар. Мектеп қазақ тілінде оқытылады.


Похожие публикации:

14 апрель 2022 Мектеп тарихы
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Көлбай ауылы,Құрманов көшесі, 38 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Кольбай, улица Курманова д.38
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Көлбай орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru