Қариялар күні » Көлбай орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қариялар күні
01
октябрь
2023

Қариялар күні

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір -қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге , өз ата -бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. 
Көп жасаған қария ,
Ақылы теңіз -дария .
Көп өнеге сөзі бар ,
Сөзі соқпақ ,сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
       Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен  апаларымыздың мерекесі. Бірінші қазан қарттар мерекесі күні құтты болсын демекшіміз.  Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі,халқы,келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алды. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп ,көңіл аударып ,жан -жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне ,енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата -әжелеріміздің төл мерекесі . Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына . 
Қарттарды құрметтейтін ,олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын ,әдептілік ,кішіпейілділік ,сергек сезімталдық көрсетпейтін , бұл қасиеттер қанына сіңіп , жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа ,не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы , адамның келешегіне сенімділігін -баланың ата -анасын ардақ тұтып , өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкедіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні - мәні бар. 
Қарт кісіні құт - береке деп танысақ- ол ұрпақ көргендігін. Ұрпағы құрметтеген ата -ана әр кезде де бақытты.






Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Көлбай ауылы,Құрманов көшесі, 38 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Кольбай, улица Курманова д.38
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Көлбай орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru