Көлбай ОМ соңғы қонырау » Көлбай орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көлбай ОМ соңғы қонырау
01
июнь
2023

Көлбай ОМ соңғы қонырау

«Жетісу  облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Көлбай орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен  «Түлек  2023 – Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ»атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының мәліметі 

  Бүгін 01 маусым күні мектебімізде салтанатты, мерекелік «Түлек  2023 – Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ»  атты іс-шара сағат 9.00 де басталып 9.45 те аяқталды. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Касымжанова Махаббат Нұрсоветовнаға берілді. Мектеп директоры оқушылар мен түлектерді құттықтай отырып 2022-2023 оқу жылындағы мектептің жетістіктерін атап өтті. Мектеп ұстаздарын марапаттады. Келесі сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тобагулов Ердаулет Даулетовичке берілді.  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары арнайы шығарылған бұйрықпен таныстырды. Үздік 51 оқушы мақтау қағазы мен марапатталды.  01 маусым балалар күніне орай 1 сынып оқушылары мен мектеп алды даярлық тобының оқушысы Қасымбек Сезім «Қуыршағым» әнін орындады. 

 Келесі құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі Шакеров Ержан Шакерұлына берілді. Ауыл әкімі түлектерге арнаған ақ тілектерін айтты. Әкімнің ұйымдастыруы мен ауыл азаматтары және кездесуге келген  10, 25,30 жылдық түлектер  мектебіміздің мәжіліс  залына үлкен экран, ұстаздарға 20 спорттық форма, мәжіліс залына перде   сыйға тартты.  

Мектебімізге арнайы келген қонағымыз Заман Толеуовтың жұбайы Ажиханнова Гулмира Жұмаханқызына сөз кезегі берілді. Гулмира Жұмаханқызы  Заман Толеуов атындағы үздік оқушыға араналған «Тастұма» стипендиясын 11 сынып түлегі Сәрсембек Сәулеге табыстады. Мектепке альбом мен 50 мың теңгеге көлемінде «Спорт мастер» дүкенінің сертификатын сыйға берді.  

 Құттықтау сөз   11 сынып жетекшісі Керимкулова Несіпгүл Зейнелхановна  мен 11 сынып оқушыларының ата-аналарының атынан Оралхан 

Өнергүлге берілді. 

 11 сынып    түлектері атынан сөз үздік оқушы Сәрсембек Сәулеге берілді. 11 сынып түлектері  екі ән орындап, соңғы мектеп қабырғасындағы вальс биін биледі.  Білім кілтін табыстау рәсімі 11 сынып түлектері Сәрсембек Сәуле мен Қалиберген Мақпал өткізді. 10 сынып оқушылары Ержанұлы Дәуіт пен Ермолда Амина білім кілтін алып ант берді. Іс-шара соңында 11 сынып түлектері соңғы қоңырау соғып,жүріп өтті.  «Түлек  2023 – Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ» атты іс-шара жақсы деңгейде өтті. 

Похожие публикации:

14 апрель 2022 Мектеп тарихы
14 апрель 2022 Мектеп тарихы
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Көлбай ауылы,Құрманов көшесі, 38 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Кольбай, улица Курманова д.38
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Көлбай орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru